Қызылордада Үкімет мүшелері жергілікті тұрғындармен кездесті

ҚЫЗЫЛОРДА. Қазақпарат- Қызылорда қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен жергілікті тұрғындармен кездесу өтіп жатыр, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Аталмыш шараға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова, Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева, Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов қатысып отыр.

Жұртшылық алдында Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Nur Otan» партиясының ақпан айындағы сьезінде атап өткен табысы төмен азаматтардың, көпбалалы аналардың, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әл-ауқатын арттыру, білім беру, денсаулық сақтау салаларының және өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды түсіндірді.