Қызылордада «Ұлы дала елі» тарихи-танымдық экспедициясы өткізілді

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында «Ұлы дала елі» тарихи-танымдық экспедициясы өткізілді. Оны Қазақстан халқы Ассамблеясысының облыстық филиалы ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш шара ТұңғышПрезидент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»бағдарламасы бойынша «Қазақстанның киеліжерлерінің географиясы» жобасы аясында қолға алынған. Мақсаты - тарихи-мәденимұраларға саяхат жасау, орта ғасырлық қалалар, музейлер, сондай-ақ археологиялықескерткіштер мен кесенелер тарихымен танысу арқылы осы заманға келіп жеткенэтнографиялық мұраларды насихаттау.

Экспедицияғаоблыстық Қазақстан халқы Ассамблеясыжанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері, аз қамтылған,тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың балалары қатысты. Оған қатысушыларалғашқы қадамын Түркістан облысынан бастады. Онда ортағасырлық сәулет өнерініңжарқын үлгісіне айналған Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралады. Бұл орында жастарҚожа Ахмет Ясауидің тарихына байланысты естеліктер, құжаттарды, өмірі туралы сыршертетін экспонаттарды тамашалады.

Одан кейінгі шараТүркістан облысының батысынан 40 шақырым қашықтықта орналасқан Сауранқалашығында жалғасты. Қазіргі кезде Сауранның қабырғалары мен мұналарыныңқалдықтары бар. Экспедиция мүшелері қаланың ішіне қақпа арқылы кіріп, қаланықоршаған дуалдың сырт жағындағы көптеген каналдардың ізін көріп, жеті қатарқорғаныс қабырғаларын зерделеді.

Экспедиция жұмысыкөне Сығанақ шаһарында түйінделді. Сығанақ қаласының орны қазіргі «Сунақата»елді мекенінен солтүстік-батысқа қарай 2 шақырымдай жерде орналасқан. Аумағы 20гектардай жерді алып жатыр. Сығанақ шаһары кезінде Қыпшақ хандығының, АқОрданың, Әбілхайыр хандығының, кейін Қазақ хандығының астанасы болған. Қаланыңекі мың жылдық тарихы бар.
Соңғы жаңалықтар