Қызылордада Универсиада алаугерлері анықталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында Универсиада алауы 28 қаңтарда жағылады. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

Шараның бірінші кезеңі сағат 10:00-де қаладағы Тұңғыш Президент паркінде  «Универсиада алауы - 2017» алауын тұтату салтанатынан басталып, «Болашақ» университетінде мәресіне жетеді.  Бүгінде эстафета алауын ұстауға Қызылорда облысынан қатысу құрметіне ие болғандардың есімдері жарияланды. Олардың қатарында  еңбекте табысқа жеткен, спорт пен мәдениет саласында халықаралық және республикалық дәрежеде жеңіс тұғырынан көрінген белгілі қоғам  және мәдениет қайраткерлері,  жаттықтырушылар, мұғалімдер бар.