«Төтенше оқиға Қызылорда қаласында бүгін, 24 наурыз, сағат 12..00 шамасында орын алған. Қатты желдің салдарынан Абай даңғылы №31 «А» мекен-жайда орналасқан «Болашақ» университетінің шатыры ұшқан. Оның көлемі 300шаршы метрді құрайды. Адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінен - 12 адам, 2 техника, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасынан - 1 техника, 3 адам келді», - деп мәлім етті облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы.
16:40, 24 Наурыз 2020
Қызылордада университет ғимаратының шатыры ұшып кетті
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада қатты желдің әсерінен «Болашақ» университетінің ескі ғимаратының шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.