ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада 18 жастағы бойжеткен үш күннен бері хабарсыз кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда қаласында тұратын Жанұзақ Айдана Қайратқызы 15 қазан күні сағат 17:00-18:00 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан үйге қайта оралмаған.
«Осыған байланысты Қызылорда қалалық полиция басқармасы іздеу салады. Үстіне қара түсті былғары куртка, қара түсті шалбар, аяғында қызыл түсті кроссовка киген. 18 жастағы бойжеткен туралы қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабар беруді сұраймыз. Тел: 8-705-255-81-25 немесе 102 арнасына қоңырау соғуға болады», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.
Еске салсақ, Қызылордада бұдан бұрын жоғалған бойжеткен Тараздан табылған еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.