26 қыркүйек сағат 12.00 шамасында белгісіз бағытқа шығып кеткен 20 жастағы Мәнсия Еділқызы Болатбек содан бері хабарсыз болып отыр.
Ол Қызылорда қаласында медициналық колледжінде 3 курсында оқиды.
Қазір Қызылорда қалалық полиция басқармасының жеке құрамы бойжеткенді іздеп жұмыстарын бастады.
Бұл мақсатта облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің шатырлары, саяжайлар, тастанды үйлер мен құрылысы бітпеген ғимараттар, ойын-сауық орталықтары мен жалдамалы пәтерлер тексерілуде.
Бұл жұмыстар полиция департаменті бастығының бақылауында.
«Ерекше белгілері: бойы - 155 см, орта денелі, шашы ұзын, қара. Киген киімі: қоңыр түсті ұзын етекті көйлек, қызғыш түсті хиджаб киген. Бойжеткен қыз жөнінде қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда Қызылорда қалалық полиция басқармасының кезекші бөлімі 29-75-20 телефонына немесе 102 арнасына шұғыл түрде хабарласуларыңызды сұраймыз», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, бұдан бұрын Қызылордадан елордаға жолға шыққан жігіт хабарсыз кеткен еді.