ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында үш жастағы сәби төртінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне бүгін, 6 тамызда сағат 13:06-да хабарлама келіп түсті.
«Онда Байтұрсынов көшесі бойындағы бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатынан 2020 жылғы ұл баланың құлап кеткені айтылған. Ересектердің қадағалауынсыз қалған сәби терезеден құлап кеткен. Ол ауруханаға жатқызылды. Жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің маманы болып, мән-жайды анықтады», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада 7 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.