ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада кәсіпкерлердің ұялы телефоны мен әшекей бұйымдарын ұрлаған 7 және 10 жастағы екі бала ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға қаладағы екі сауда орталығында болды. Кәсіпкерлерден полицейлерге күндіз белгісіз біреулердің ұялы телефоны мен әшекей бұйымдарды ұрлап кеткені туралы арыз келіп түскен.
«Бұл мақсатта жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Нәтижесінде бұл қылмыстарға 7 және 10 жастағы екі баланың қатысы бар екені анықталды. Олардың анасына қатысты тиісті құжаттар жинақталды. Ата-аналық құқығын шектеу үшін облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.