Қызылордада «Үздік бірлестік жетекшісі» байқауы болып өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. 12 маусым. ҚазАқпарат - Қызылордадағы № 6 кәсіптік лицейдің мәжіліс залында «Үздік бірлестік жетекшісі - 2012» атты байқау болып өтті.

Оны облыстық білім беру қызметкер­лерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты ұйымдасты­рды.

Байқауға облыс орталығындағы 4 кәсіптік лицей­ден 8 бірлестік жетекшісі қатысты. Сайыс бес конкурстық тап­сырма бой­ынша өткізілді. Онда жетекшілер өз әдісте­ме­лік бірлестігі жұмыстарын қа­зылар алқасы назарына ұсынып, табиғи таланттары бойынша күш сынасты. Сайыс кезінде бір­лестік жетекшілерінің жылдық жоспары жә­не басқа да іс-құжат­тарының жүргі­зілуі мен жасалу­ы сараланып, ашық сабақ, педаго­ги­калық оқылымдарды өткізу әдіс­темелері қаралды. Бұдан бөлек, күрделі педагогикалық және кәсіптік мәселелерді шеше алатын жеке қасиеттерін, эсте­ти­калық талғамдарын, ситуация­лық жағдай­дан шыға білу тап­қыр­лығы мен жеке өнерлерін көрсетті.

Байқау қорытындысында бірінші орынды №6 кә­сіптік лицей өкілі Бибіжан Тобжано­ва, екінші-үшінші орын­дарды Зәуреш Сыздықова (№9 КЛ) мен Майра Төлепова (№7 КЛ) жеңіп алды. Жүлдегерлерге Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.