Бағдарламаға сәйкес, жарыстың алғашқы күнінде ұлдар 35 шақырымдық, қыздар 20 шақырымдық топтық жарыста сынға түссе, екінші күні ұлдар 20 шақырымдық, қыздар 12 шақырымдық критериумда бақтарын сынайды.
Сондай-ақ сол күні А.Тоқмағанбетов, Байтұрсынов және Желтоқсан көшелері бойынша әуесқойлар арасында веложарыс өтеді.
Жарысты облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық велосипед спорты федерациясы ұйымдастыруда.
Әр кезең бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, олар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.