Қызылордада волейболдан қыздар арасында ел чемпионаты өтіп жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «Мұз айдыны» спорт кешенінің ойын залында 2001-2002 және 2003-2004 жылдары туған қыздар арасында волейболдан Қазақстан  Республикасының көктемгі чемпионаты басталды, - деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Жарысқа Астана қаласы мен Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Оңтүстік, Шығыс, Солтүстік және Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарынан  36 команда қатысып, бақ сынауда. Командалар сегіз топқа бөлініп, ойнап жатыр.
 

Айта кетейік, қыздар арасындағы ел чемпионатының жеңімпаздары 28 наурыз күні белгілі болады.