Жарыс қорытындысында бірінші орынды Виктор Лузин жеңіп алса, екінші орынды Қадір Жамаладин мен Қабиболла Құсайынов бөлісті. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Зағип жандар шахмат сайысын өткізуге қолдау көрсеткен қалалық денешынықтыру және спорт бөлімі атына алғыстарын білдірді.
10:53, 25 Тамыз 2010
Қызылордада зағиптар шахматтан жарысты
ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда қалалық соқырлар қоғамының ұйымдастыруымен көз мүгедектері арасында шахматтан жарыс болып өтті. Ол ерлер және қыздар топтары бойынша ұйымдастырылды.