Осы мақсатта, энергетика министрлігімен бірлескен жұмыстар жасалды. Нәтижесінде жуырда құны 215 млрд теңге болатын жаңа электр станциясының құрылысы басталмақ.
Инфрақұрылымдық нысан құрылысын аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша түрік компаниясы «Акса Энерджи Уретим Аноним Ширкети» акционерлік қоғамы жүргізеді. Мердігер мекеме бу-газ қондырғысын жыл аяғында бастап, 2025 жылы ел игілігіне пайдалануға береді деген жоспар бар. Қуаттылығы 240 мегаватқа жететін жаңа нысан энергия жетіспеушілігін едәуір төмендетеді деп есептеліп отыр.