ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұрғын жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жаңақорған аудандық соты оның үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 307-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Ол аудан орталығындағы Абдолла-Алтый Сүлеймен көшесі мен Сағырбаев көшелері қиылысында орын тепкен бір бөлмелі кеңседен ойын мекемесін заңсыз ашқан. Бұл жерге оған қажетті техникаларды жабдықтаған.
«Соның нәтижесінде ғаламтор арқылы ұтыс тіктіріп, ойындар ойнатқаны анықталды. Сотта қарау барысында сотталушы Ш. өзінің кінәсін толық мойындады. Аталмыш әрекетіне шын жүректен өкінетінін көрсетті. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, оған 250 АЕК мөлшерінде 601250 теңге айыппұл салынды», деп жазылған Жаңақорған аудандық соты таратқан хабарламада.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.