ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында заңсыз жұмыс істеп келген діни бірлестік анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда облыстық Полиция департаменті қала аумағындағы діни бірлестіктерге тексеру жүргізді. Нәтижесінде тиісті заңдылықтарға бағынбай жұмыс жүргізген діни бірлестікті анықтады. Ол Қызылорда облыстық Әділет департаментінде ешқандай тіркеуден өтпеген.
«Аталмыш діни бірлестік басшысы мен оған қатысқан 6 адам Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 489-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға тіркелмеген діни бірлестікке басшылық жасағаны және қатысқаны үшін осындай жаза қолданылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.