ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада жалған жеке куәлік арқылы несие алып, алаяқтық жасаған адам сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алаяқтық жасаған жігіт жалған куәлікті Алматы қаласында жасатқан. Басқа азаматтың атына рәсімделген куәлік үшін ол 20 мың теңге санап берген.
Бұдан кейін Қызылорда қаласына келген. Банктердің бірінің жергілікті филиалынан жалған несие жасауға ниеттенеді. Осылайша банк қызметкерін алдап, несие алған. Оның жалпы көлемі 4 млн 874 мың теңгені құрады. Алған ақшаны өз қажетіне жұмсаған.
«Нәтижесінде Қызылорда облысы бойынша банк филиалына 4 елеулі көлемде мүліктік зиян келген. Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танылды. Оған 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп мәлім етті Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.