Қызылордада жаңа нан зауыты іске қосылды
Ол қаладағы «Шапағат сүт» ЖШС иелігіне қарайды. Ресейлік және чехиялық заманауи технологиямен жабдықталған зауыт тәулігіне 30 тонна түрлі нан өнімдерін шығарады. Серіктестік директоры Данияр Алдоңғаровтың атап өткеніндей, Қызылорда қаласы тұрғындарының 63,3 пайызын нан өнімдерімен қамтамасыз ететін аталмыш зауытта еңбеккерлерге барлық жағдай жасалған.
Қазір Қызылорда қаласында бір бөлке нан 30-35 теңгеден сатылса, аталмыш серіктестік салмағы 500-600 грамм болатын нан өнімдерін 30 теңгеге сатуды жоспарлап отыр.
- Ресей дүкендерінде нан өнімдерінің 60- 70 түрі сатылады. Негізі барлық тағам түрлерінің сапалы болуы мамандардың біліктілігіне тікелей қатысты ,-дейді серіктестіктің арнайы шақыруымен келіп, әріптестерін жаңа өндіріске үйретіп ж.рген Челябідегі «Макиз Урал» ТМ өндірісінің технологы Галина Стенина бізбен әңгімесінде. Ол сондай-ақ аталмыш серіктестіктегі ұнның сапасы жоғары екендігін атап өтті.
Әзірге зауыт өнімдері «Ақниет» сауда орталығында сатылады. Алдағы уақытта серіктестік сауда нүктелерінің қатарын көбейтуді жоспарлап отыр.