ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада Жаңа жыл қарсаңында пайдалануға берілген 60 пәтерлі тұрғын үйден бюджеттік ұйым қызметкерлері, кезекте тұрғандар мен көпбалалы отбасылар пәтер кілтін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жаңа пәтер иелерін келе жатқан жаңа жылмен құттықтады. Соңғы жылдары аймақта көптеген әлеуметтік және бизнес-нысандар, тұрғынүйлер мен өнеркәсіп орны салынғанын атап өтті.
«Тек осы жылдың өзінде қаржыландырудың барлық көзі есебінен облыс орталығында 402 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй ел игілігіне айналды. Бүгінгі күні қалада 2052 пәтерге арналған 46 көпқабатты үй, оның ішінде 1272 пәтерге арналған 31 үй - жеке инвесторлар есебінен салынуда. Қуаныштарыңыз құтты болсын», - деді аймақ басшысы.
Жаңа үйдің кілтін алған Батыр ана Бибіайым Әлібекова облыс әкіміне ризашылығын жеткізді.
Айта кетейік, 60 пәтерлі үйдің жалпы ауданы-4 085 шаршы метрді құрайды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.