Қызылордада Жаңа жыл шыршасын ашу рәсімі өтті

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кеше кешке Қызылорданың орталық алаңында Жаңа жыл шыршасын ашуға арналған салтанатты жиын болып өтті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Салтанатты рәсімге облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты. Алаңға жүздеген қызылордалық жиналды. Ал дәл шыршаның жанынан жұрт Аяз Атаны, Ақшақарды және әртүрлі ертегі кейіпкерлерін көрді.

Аймақ басшысы осы жерде қызылордалықтарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Ол сонымен қатар бір топ балаға өз атынан сыйлықтар таратты.

Бұдан кейін жақында Польшада өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, ауыр атлет Алмас Өтешев арнайы тетікшені басып, шырша үстіндегі қызылды-жасылды ойыншықтарды жандырды.

Соңғы жаңалықтар