ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордадағы облыстық перинаталдық орталықта жаңа жылдың алғашқы күнінде 38 нәресте жарық дүние есігін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сәбилердің басым бөлігі - ер балалар. Тышқан жылының бірінші тәулігінде 26 ер бала өмірге келген.
Айта кетерлігі, облыстық перинаталдық орталықта жылма-жыл 10-11 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Ол облыс бойынша көрсеткіштің 60 пайызға жуығын құрайды.
«Жақында облыстық перинаталдық орталықтың 80 жылдық мерейтойын атап өттік. Орталықтың материалдық-техникалық жағдайы жақсара түсті. Соңғы жылдары заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталды. Дәрігерлер шетелдерде оқуға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Нәтижесінде нәрестелердің шетінеуі төмендеді», - деді Қызылорда облыстық перинаталдық орталығының дәрігері Ералы Бақтыбаев.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.