ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында 19 жастағы қойшы екі күннен кейін табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Жаңақорған ауданына қарасты Сүттіқұдық ауылынан шығысқа қарай 50-55 шақырым қашықта орналасқан Диірмен деген жерде болған.
«Ол 4 мамыр шамамен сағат 14.30-да сол аумақтан белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері хабарсыз болған. Жедел құтқару жасағынан УАЗ көлігімен 4 құтқарушы оқиға орнына барды. Жас жігітті әкесі тауға қарай 50 шақырым жерден аман-есен тауып алды», - деп мәлім етті өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Еске салсақ, Қызылорда қаласында 27 жастағы қыз он күннен бері іздестіріліп жатыр.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.