Қызылордада жаппай ереуіл кезінде ломбардтан 125 алтын сақина ұрлағандар ұсталды
Қызылордада жаппай тәртіпсіздік кезінде белгісіз адамдар тобы қала орталығындағы ломбардтардың біріне ұрлыққа түскен.
«Бұл мақсатта облыстық полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде қылмысқа күдікті ретінде облыс орталығының екі тұрғыны қолға түсті. Олардан айғақ зат ретінде ұрланған алтын бұйымдар тәркіленді. Оның ішінде 125 алтын сақина, 22 алтын алқа, 7 алтын білезік, 3 алтын сағат, 1 үлкейткіш әйнек және ноутбук бар», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Ведомство мәліметінше, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталуда.
Еске салсақ, бұдан бұрын жаппай тәртіпсіздік кезінде ұялы телефон аксессуарларын ұрлаған қызылордалық ұсталды