ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада жарық бағанасын соққан көлік жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға облыс орталығындағы Мұстафа Шоқай мен Ғани Мұратбаев көшелерінің қиылысында тіркелді. «Opel» маркалы автокөлігі сол жердегі жарық бағанасын келіп соққан. Ол оқиға орнында қайтыс болды.
«Аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда автомобильдi басқаратын адамның жол жүру қағидаларын бұзу әрекетінің салдарынан қайтыс болғаны айтылған. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Мән-жайлар анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, пәтерді жалға алып, қымбат теледидарды ұрлап кеткен адамның ұсталғаны туралы жазған едік.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.