ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жас балаға азғындық әрекет жасаған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл оқиға Сырдария ауданына қарасты елдімекеннің бірінде тіркелген. Мәлім болғанындай, оған әкесі күдікті деп танылып отыр.
«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабымен тергеп-тексеру жүргізілуде. Онда жас балаларды азғындық жолға түсіру жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті ұсталып, Сырдария аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның хабаралуынша, қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қазіргі таңда кәмелетке толмағандар облыстық кәмелетке толмағандар бейімдеу орталығына орналастырылған.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.