Қызылордада жас өрт сөндірушілер жасағы сайысы өткізілді
Аталмыш шара жыл сайын білім департаментімен бірлесе отырып өткізіледі. Сайысты ұйымдастырушылардың көздеген мақсаты балалардың отпен ойнауына жол бермеу, алдын алу, өрт болған кезде не істеу керектігі жөнінде түсіндіру, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі бағытындағы білімдерін тереңдету.
Жарыс бірнеше байқаулық тапсырмалардан болды. Бірінші байқау - «Негізгі кәртішке» тақырыбында мектеппен, әрбір команда мүшелерімен жете таныстырған, музыкалық нөмір көрсеткен және өрт қауіпсіздігі тақырыбында қызықты қойылым қойған №5 мектеп-лицейдің «Огонек» командасы алғыр көрінді. Екінші байқаудың «Танымдық сұрақ» тақырыбы бойынша «Мұрагер» гимназиясының «Жас ұрпақ» командасы оқ бойы озық шықты. Үшінші байқауда да жауынгерлік өрт сөндіру киімдерін дәл уақытында киіп, өрт сөндіру жеңдерін жылдам тарқата отырып, оқушыларды сайыс сценарийі бойынша жанған оттан құтқарып қалған аталмыш команда жоғарғы деңгейдегі білімі мен біліктілігін көрсете білді.
Сайыста №3 гимназияның «Жалын» тобы қиял-ғажайыпқа толы дүниетанымдарымен танылып, бәсекелестерінен алда болды.
Соңғы дәрігерлік көмек көрсету байқауы барысында жас өрт сөндірушілер екінші және үшінші дәрежедегі термиялық күйік алған зардап шегушілерге алғашқы дәрігерлік жедел жәрдем жасады.
Осы сайыстың қорыттындысы бойынша жалпы 185 балл алған «Жас ұрпақ» командасы жеңіске жетіп, басты сыйлықтың иегері атанды.