Қайырымдылық шарасы туралы қалалық мешіттің наиб имамы Қайырбек Отызбаев Фейсбуктегі парақшасында жазды.
«Биылғы жылды Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазрет «Ислам жəне отбасы жылы» деп жариялаған болатын. Ондағы мақсаты - жас отбасыларға жанұяның құндылығын түсіндіріп, отбасы ынтымағын арттыру болатын. Міне, осыған амал жасап жатқан қос жұп Алла үйінде некелерін қиып қана қоймай, Сіздерге айтарлықтай қайырымдылық көмегін көрсетуде», - деді алдымен сөз алған мешіттің бас имамы Нұржан Пірəліұлы.
Жас жұбайлар шын жүректен «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасы аясында жеті бірдей отбасыға азық-түлік пакеттерін өз қолдарымен үлестірді.
«Мешіт ақсақалы мен мұқтаж жандар жас жұбайларға ақ баталарын айтып, шексіз ризашылықтарын білдірді», - делінген жазбада.