Қызылорда қаласындағы С.Толыбеков және М. Әуезов көшелері қиылысында жаяу жүргіншілер өткелінде келе жатқан жасөспірімді белгісіз автокөлік қағып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Жасөспірім дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.
«Жол-көлік оқиғасы бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде күдікті автокөлік иесі анықталды. Бұған байланысты 32 жастағы қала тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 2-бөлігі және 611-бабының 2-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды. Жасөспірімнің өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Түпкілікті шешім қабылдау үшін жинақталған құжаттар сотқа жіберіледі», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада көлікке қысылып қалған жүргізуші құтқарылған болатын.