Қызылордада жастар арасында велоспорттан Қазақстан біріншілігі өтеді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат -15 сәуірде Қызылорда қаласында жастар арасында велоспорттан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталады. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Облыста екінші мәрте ұйымдастырылатын жарысқа Астана, Алматы қалаларынан және еліміздің 11 облысынан 100 -ден аса велошабандоздар қатысады. 

Спортшылар 25 шақырымға жеке жарыста, 100 және 130 шақырымға созылатын топтық, 70 шақырымдық айналма және 100 шақырымдық топтық айналма жарыстарда күштерін сынайды. 
Жарыстың салтанатты ашылуы 15 сәуір күні сағат 16.00-де орталық стадионда, жарыс бағдарлама бойынша күн сайын сағат 10.30-да болады. 
Қазақстан чемпионаты 20 сәуірге дейін жалғасады.