Дәстүрлі турнирге Қызылорда қаласынан 7 мектептің және жазушының туған жері Арал ауданы Қызылқұм ауылы мектебінің оқушылары қатысып бақтарын сынады.
«Мен болмасам болмайын, Сен аман бол, Жаһандағы жалғызым, Қазақстан!» деп жырлап өткен ақынның жырлары «Көктем тынысы», «Дария жыры» жинақтарына енсе, «Гүлдәурен», «Ақ кептер» прозалық кітаптары республикалық «Жалын» баспасының екі мәрте жүлдесін жеңіп алды.
Жарыс басталар тұста Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры Мұстафа Матаев сөз алып, қаламгердің дара тұлғасын әңгіме етті. Сондай-ақ жазушының әріптестері естеліктер айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.