ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда жол апаты болып, жедел жәрдем көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы облыс орталығындағы Сұлтан Бейбарыс көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысында болған. Онда «Iveco» маркалы жедел жәрдем көлігі мен «Mitsubishi Galant» автокөлігі соқтығысып қалған
«Оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Тергеу амалдары басталды. Екі автокөлік те айыппұл алаңына қойылды», - деді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.