Қызылорда қаласында жеке кәсіппен айналысатын И. есімді азамат жалған банкнот жасайтын цех ашып, онда 10 мың теңгелік ақшалар шығарып келген көрінеді.
18:38, 03 Ақпан 2012
Қызылордада жеке цех ашып, жалған ақшалар шығарумен айналысып келген азамат құрықталды
ҚЫЗЫЛОРДА. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Қызылорда облыстық департаменті жалған банкнот жасауға байланысты заңсыздықты әшкереледі, деп хабарлады облыстық қаржы полициясының баспасөз қызметі.