ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық прокуратурасы Қызылорда қалалық білім бөліміне тексеру жүргізді. Аталмыш шара барысында жекеменшік балабақшалар тарапынан субсидия жымқырудың жүйелік схемасы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
«Тәрбиеленушілер санын арттыру үшін жекеменшік балабақша иелері мен меңгерушілер жалған сенімхаттар көмегіне жүгінген. Сол сенімхаттардың көмегімен ата-аналардың атынан халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы балаларды өздерінің мекемелеріне ауыстыру туралы арыздар толтырған. Осындай жолмен олар мемлекеттік дотация көлемін арттырып отырған», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.
Аталған деректер бойынша облыстық прокуратура тиісті орындарға жолдау үшін 4 құжат тіркеді. Қазіргі таңда бұдан басқа 19,4 млн теңге болатын 5 құжатты тіркеу мәселесі шешілуде.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.