ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан 2 әйел қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда облысында «STOP трафик» жедел-профилактикалық шарасы аясында полиция қызметкерлері рейдтер ұйымдастырды.
«Шара барысында жеңгетайлықпен айналысып жүрген 2 азаматша анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Онда жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау жағдайы көрсетілген», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, қоғамдық орындарда дөрекілік көрсеткен 35 азаматқа ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 449-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.