ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы «Самара-Шымкент» тас жолының бойында «Lada Granta» маркалы автокөлігі аударылып, бір жолаушы мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл келеңсіз жағдай 6 маусым күні орын алған. «Lada Granta» маркалы автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдан шығып кетіп, аударылған. Салдарынан бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды.
«Аталмыш жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мəн-жайлары анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Бұған дейін Қызылордада газ жарылып, тұрғын үй қирағанын хабарлаған едік.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.