ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы Әлихан Бөкейхан және Елеу Көшербаев көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан 6 адам медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 08.30-да орын алды. «Toyota Camry» маркалы автокөлік бағдарлы автобусқа жол бермей, екеуі соқтығысып қалған. Салдарынан 6 адам медициналық мекемеге жеткізілді. Қайтыс болғандар жоқ.
«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.