ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда қаласында жеңіл көлік жолдан өтпек болған екі адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға бүгін, 4 ақпанда сағат 09.50 шамасында болған. А. Тоқмағанбетов көшесінің бойында «Mazda» маркалы автокөлігінің иесі белгіленген жерде жолдан өтпек болған екі жаяу жүргіншіні қағып кетті.
«Оқиғадан зардап шеккен және қайтыс болғандар жоқ. Көлік жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610 бабына сәйкес тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде», деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.
Сондай-ақ, бұдан бұрын Қызылордада иесіз тұрған «Mercedes» автокөлігі түгі қалмай жанып кетті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.