ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында «Қайсар» футбол командасының ойыншылары референдумда дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Олар т аңертеңгі жаттығудан кейін №375 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
«Өз таңдауымызды жасау үшін команда болып келдік. Алдағы уақытта еліміздің жоғары жетістікке қол созуына зор үміт артамын», - деді команда капитаны Мақсат Байжанов.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада 101 жастағы майдангер алғашқы болып дауыс берді.
Ал бүгін 18 жасқа толған қызылордалық дауыс беруге алғаш қатысты.
Сондай-ақ, Қызылордада шекара бекетіндегі әскери мамандар толықтай дауыс берді.
Оған қоса Қызылордада бүгін шаңырақ көтерген жас жұбайлар дауыс берді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.