Қызылордада жергілікті өндірушілер тауарларының жәрмеңкесі болды

ҚЫЗЫЛОРДА. 23 маусым. ҚазАқпарат - Қызылордада Индустрияландыру күнінің аясында жергілікті өндірушілер тауарларының жәрмеңкесі болды.

Облыста қазіргі таңда Индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан жобалар аз емес.  Бұл жерде ауызға алдымен Индустрияландыру картасы шеңберінде жүзеге асқан жалпы құны 88,8 млрд. теңгеден болатын 27 жоба түседі, деді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Батыржан Қаракөзов. Қазірдің өзінде бірқатар ірі кәсіпорындар іске қосылды.

Жәрмеңке қаланың көне базары жанындағы Қорқыт ата аллеясы бойына қоныс тепті. Онда тұтынушылар назарына ұсынылған өндірістік және ауыл шаруашылығы заттары базар бағасынан айтарлықтай төмен.