ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада жергілікті серіктестікке қарасты қоймада өрт шықты. Қоймада 100 шаршы метрдей аумаққа зиян келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өрт жайында хабар алған №7 өрт сөндіру бөлімшесінің жеке құрамы оқиға орнына дереу жетті. Өрт сөндірушілер барлау жұмыстарын жүргізді. Нәтиижесінде 100 шаршы метр аумақта жылу оқшаулағыш жанып жатқаны анықталды.
«Өрт сөндірушілер жедел әрекет етті. Нәтижесінде өрт толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта қоймадағы өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің маманы Айгүл Нұрманова.
Бұдан бұрын өртеніп жатқан үйден қызылордалық тұрғын 2 баланы құтқарып қалғанын хабарлаған едік.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.