ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада жеті жасар қыз бала тұрғын үйдің екінші қабатынан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқыс оқиға 20 шілдеде жергілікті уақытпен 17.40-та облыс орталығындағы Скатков көшесі бойындағы бес қабатты үйде болған. қызбала тұрғын үйдің екінші қабатынан құлап кеткен.
«Ол облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Оған бас сүйегінің жабық жарақаты диагнозы қойылған. Оқиға орнында төтенше жағдайлар саласының мамандары болды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.
Еске сала кетсек, маусым айында Қызылордада 4 жасар бала екінші қабаттан құлап кеткен еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.