ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада жоғалып кеткен жасөспірім табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғыны хабарласты. Онда кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімнің 3 наурызда үйінен белгісіз бағытқа шығып, содан қайта оралмағаны жөнінде айтылған.
«Жоғалған баланы іздеу үшін Қызылорда қалалық полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімшесінің жеке құрамы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері барлық полиция учаскеге бағыт-бағдар берді. Адамдар көп жиналатын орындарды, шатырлар мен қараусыз қалған ғимараттарды тексерді. Іздестіру жұмыстары барысында жоғалған бала қала орталығынан табылды», - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.