ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы жоғалып кеткен 21 жастағы жігіт табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол Қазалы қаласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында тұрады.
Бұған байланысты іздестіру шаралары жарияланды. Оған аудандық полиция бөлімінен 70, төтенше жағдайлар саласынан 10 қызметкер қатысты. Сондай-ақ, 40 ерікті азамат пен аталған орталықтан 20 кызметкер іздеуге шықты.
«Бұл бағытта аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы нәтижелі жұмыс атқарды. Жоғалған жігіт аман-есен табылды. Сол әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы маңында жасырынып қалған», - деп мәлім етті аудандық полиция бөлімінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада елсіз далада адасып кеткен екі адам табылды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.