ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада көшеде жоғалып кеткен 3 жастағы сәби аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда қалалық полиция басқармасы кезекші бөліміне Ғани Мұратбаев көшесі бойындағы дүкен жанынан 3 жастағы сәбидің табылғаны жөнінде хабар келіп түсті.
Ювеналды полиция аға учаскелік инспекторы Самат Исаевтың айтуынша, жақын маңдағы көп қабатты және жеке тұрғын үйлердің тұрғындарынан сұрастыру жұмыстарын жүргізілді. Нәтижесінде сәбидің көп қабатты үйдің біріндегі пәтерде тұратыны анықталды.
«Сәби әжесімен бірге дүкенге шыққан екен. Сол сәтте әжесі одан көз жазып қалған. Ес білмейтін жастағы сәби келесі көше бойынан табылған. Ата-анасымен профилактикалық әңгіме өткізілді», - деді Самат Исаев.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.