ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданында үй ауласынан жоғалып кеткен бала өзен жағасынан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аудан тұрғыны бұл жөнінде Қазалы аудандық полиция бөлімініе хабарласты. Онда үй ауласында ойнап отырған 7 жастағы ұлының жоғалғаны айтылған.
«Полиция бөлімінің жеке құрамы жоғалған баланы іздестіру шарасына дереу кірісті. Оған жергілікті ерікті азаматтар қосылды. Жақын маңдағы барлық аумақ, үй аулалары, ойын алаңы назарға алынды. Жоғалған бала Сырдария өзені жағасынан табылды. Ювеналды полиция қызметкерлері ата-аналармен және баламен профилактикалық бағыттағы түсіндірме жұмыстарын жүргізді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, Қызылордада мал іздеуге шығып адасып кеткен жігіт табылған еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.