Қызылордада жол апатынан 2 адам көз жұмды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жүк көлігі мен жеңіл автокөліктің соқтығысуы салдарынан екі адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты «Самара-Шымкент» тасжолының 1525-шақырымында,№99 бекет маңында болды. «Daewoo Matiz» бен жүк көлігі соқтығысқан.

Бұл жөнінде хабарлама «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-ніңҚызылорда облысы бойынша филиалы «Әйтеке би» трассалық медициналық құтқарубекетінің диспетчеріне келіп түскен. Мамандар оқиға орнына дереу жеткен.

«Медициналық құтқару бекетінің шұғыл әрекет ету бригадасыоқиға орнына барған сәтте «Daewoo Matiz» жеңіл автокөлігінде болған 2 адамныңқаза тапқанын көрді. Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен көлік ішіндеқысылып қалған мәйіттерді алып шықты. Жарақат алған жүк көлігінің жүргізушісінеалғашқы медициналық көмек көрсетілді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтеншежағдайлар департаментінің мамандары.

Мерт болғандар Қырғызстан азаматтары екені анықталды.

Айта кетейік, Қызылордада тамыз айының басында болған жолапатынан 5адам көз жұмған еді.