ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Кеше, қазанның 1-і күні Қызылордадағы «Эдельвейс» саяжайы маңында көліктер соқтығысып, адамдар қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ВАЗ» бен «SNACMAN» автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан үш адам қайтыс болды.
«Екі адам ауруханаға жеткізілген. Бүгінгі күнге медициналық мекемеге жатқызылған екі азаматтың біреуі қайтыс болды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деді облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Анарбаев.
Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен тергеп-тексеру шаралары басталды.
Фото: Видеодан алынған скриншот/www.facebook.com/Двд Кызылординской Области
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.