Көлік апатынан 20 жастағы төменарықтық азамат жан тәсілім етсе, 1953 жылы туған азаматша аудандық ауруханаға жатқызылды.
Облыстық ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасының инспекторы, полиция аға лейтенанты Ақтоты Боранованың хабарлауынша, апта ішінде облыс жолдарында 4 жол-көлік оқиғасы орын алды. Онда 4 адам дене жарақатын алса, 1 адам қайғылы қазаға ұшырады.
Осы аралықта жолда жүру ережесін бұзушылар саны 2366-ға жетсе, өрескел тәртіп бұзған 99 жүргізушінің көлігі айып алаңына қойылды. Сондай-ақ 45 жүргізуші көлікті ішімдік ішіп басқарған.