ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада құтқарушылар жол-көлік оқиғасынан көлік ішінде қысылып қалған жүргізушіні аман алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға бүгін, 19 қыркүйекте сағат 7.22 шамасында болған. Сол уақытта 112 құтқару қызметіне шақырту келіп түсті. Онда Қызылорда қаласындағы Е. Көшербаев пен Жалаңтөс баһадүр көшелерінің қиылысында «Toyota» және «Opel» маркалы автокөліктері соқтығысуы салдарынан көлік ішінде адамның қыстырылып қалғаны айтылған.
«Шақырту бойынша жедел құтқару жасағының мамандары жағдайды анықтағанда «Opel» маркалы автокөліктің 1980 жылғы жүргізуішісінің қыстырылып қалғаны белгілі болды. Мамандар гидравликалық құралдарды пайдаланып, азаматты автокөліктен шығарды. Оны жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жанармай құйылған цистерна өртенді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.