Мұнан өзге 1500 әлеуметтік жұмыс орнын құрып, 2500 адамды «Жастар тәжірибесіне» тарту, 5290 адамды кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткізу жоспарлануда.
Бүгінгі күнге жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған жылдық жоспар 96 пайызға орындалса, әлеуметтік жұмыс орындарын ашу 73 пайызға орындалып, 1099 әлеуметтік жұмыс орны ашылды. Облыста «Жастар тәжірибесіне» 1943 адам тартылды, бұл дегеніміз, бағдарламада қаралған жылдық жоспардың 78 пайызы орындалды деген сөз. Қайта даярлау курстарына үш мыңнан астам адам тартылып, бұл сала бойынша көзделген жылдық жоспардың 63 пайызы орындалғандығын көрсетуде.