ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жол-көлік апатынан екі адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға бүгін, 12 наурызда «Батыс Европа - Батыс Қытай» тас жолының Шиелі ауданы Сұлутөбе елді мекені тұсындағы аумағында болды. Екі жеңіл автокөлік соқтығысып, 2 адам оқиға орнында қаза болды.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру әрекеттері жүргізілуде. «Онда автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу жағдайы көрсетілген. Бұл бойынша тиісті сот сараптамасы тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Еске салсақ, Қызылордада адам қағып өлтірген полиция қызметкері ұсталды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.